«КАЗНУР» гуманитарный колледж - учебное заведение

Оставить заявку

Бастауыш білім беру пеадагогикасы мен әдістемесі


Бастауыш білім беру мұғалімінің кәсіби қызмет объектісі:

жеке меншік формасына тәуелсіз барлық білім беру мекемелеріндегі оқу –тәрбие үрдісі (процессі).

Бастауыш білім беру мұғалімінің кәсіби қызмет түрлері:

білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес бастауыш мектепте сыныптан тыс іс-шаралар мен сабақтарды ұйымдастырады;

әдістемелік жұмысты ұйымдастырады; өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырып отырады;

мұғалім мен оқушы жетістіктерінің портфолиосы үшін мәліметтерді жинайды, білім беру сапасының мониторингін өткізеді және интерактивті өзара қызметті жобалау, ақпаратты- оқыту алаңын құру және оқыту мәліметтерін мөделдеу әдістерін игереді.
 

Кәсіптік құзырет:

Білім алушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу;

Оқу –бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу;

Бастауыш мектептің пәндерін оқыту әдістемесін меңгеру;

Оқу ақпаратын модульдеу әдістерін меңгеру;